Тәуекелдерді басқару бойынша кеңес беру
Тәуекелдерді басқару бойынша кеңес беру
Әрбір қызметкер құзырына сай мәселелерді орынды шешуге белсене атсалысуы үшін тәукелдерді басқару ұйымның корпоративтік мәдениетіне үйлесімді берілуі тиіс. Алайда, кемелденген корпоративтік басқару тәуекелдерді жай басқарып қоя салу ғана емес, анағұрлым биік міндет екенін естен шығармау керек. Негізгі міндеттерді шешуден басқа, ол, сондай-ақ, бақылаудың нақты жүйесін құрып, капитал нарығына қатысушыларды ұйымның қаржылық ахуалы жайлы мағлұматтандырып, алаяқтық әрекеттерге жол бермей, қолданыстағы заңнама мен нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының орындалуымен қамту - осының барлығы, қорыта келгенде, компанияға оның жетекшілігі істің шынайы ахуалы жайлы барынша егжей-тегжейлі мағлұматтар ала алатындықтан, бірқатар артықшылықтар береді.
Тәуекелдерді басқару- сәйкес бөлімнің негізгі міндеті ғана емес, бұл үрдіске - генералдық директордан немесе компанияның президентінен бастап, қатардағы қызметкерге дейін әрбірі жауапты. Осы мәселедегі өткендегі сәтсіздіктердің себебі нақты есеп берушілік, стратегиялық және адал құрылымының жеткіліксіздігі, ал, кейде, тіпті оның атымен жоқтығын атайды. Реттеуші органдардың талаптарын қатайту және корпорациялар мен қаржылық несие ұйымдарынан басқа да мүдделі тұлғалардың пайымдаулары осы соңғыларының тәртіп, бақылау және жауапкершіліктің жоғары сапалы деңгейін көрсете білуіне оның бұдан былай қаржылық дамуы мен өркендеуіне тікелей байланысты.
Осыған дейін ешқашан қаржы тәуекелдеріне бұлай аса назар аударылмаған болатын. Капиталдық резервтер, несие қоржындары, инвестициялық саясат, капиталдың құрылымы мен борышкерлік міндеттемелер - оларды ойдағыдай басқару мен оған байланысты тәуекелдерді жұмсарту міндетінің үнемі мұқият және ыждағатты орындалуын талап етеді. Мұнан басқа, ұйымдар жеткізушілердің қызметіне байланысты тәукелдерді үнемі бақылауға алып отыруы тиіс. Контрагенттің шарттық міндеттемелерді орындаудан бас тартуы немесе оның бизнесінің құруы оған байланысты тараптардың қаржы ахуалы мен абыройына тікелей нұқсан келтіруі ықтимал.
Мұндай жағдайда көптеген ұйымдар, дағдарысқа дейінгі жайлы жағдайдың өзінде-ақ орын алған шығындардың орнын толтыруға талап арызданудан бастайды. Алайда, егер компаниялар өздерінің контрагенттерін заң бұзушылық әрекеттерде немесе қаржылық және коммерциялық залалға алып келген шарттық міндеттемелердің ойдағыдай орындалмауында айыптауға дейін барса, олардың арасындағы дау тек шиеленісіп, одан әрі ушыға түседі.
Өз міндеттер аясын кеңітіп отыратын ұйымдардың саны үнемі өсіп отырады, тек белгіленген талаптарды қадағалайтын бөлімшелерден ішкі аудит қызметі өз міндеттерінің аясын кеңейтіп, өз міндеттерінің шеңберіне қайта пайда болған тәуекелдердің құрылымын үнемі талдау мен олардың бағытын анықтауға міндетті (шаруашылық қызмет нәтижесі туралы мәлімет(ақпарат) дәл осы ішкі аудит қызметіне келіп түседі емес пе) бөлімге айналады.
Сонымен бірге, негізгі назар тәуекелдік пен ұйымның одан әрі дамуына тепе тең аударылған кезде, стратегиялық шешімдер қабылдау барысында, тәуекелдерді басқарудағы жауапты жетекшінің де қатысу деңгейі артып келеді.
KPMG мамандарының білімі мен мол тәжірибесін тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару, белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, тікелей ұйымның өзінің қызметіне қауіп төндіретін тәуекелдерді талдап, оларды жою мақсатында тиімді түрде қолдануға болады.
Бізбен байланысыңыз
- Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
- kpmg.emailUs
- Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia