Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдеме
Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдеме
Бөлімнің мазмұны соңғы рет 2025 жылдың 1 Қазанында жаңартылған.
KPMG1 бізге табысталатын ақпараттың құпиялылығы мен тиіспеушілігін қорғау жөніндегі міндеттемесін әрдайым ұстанады. Осыған байланысты, КПМГ Кавказ және Орталық Азия сізден веб-сайттар, веб-бағытталған және мобильді қолданбалар, іс-шаралар мен кездесулер (көзбе-көз де, виртуалды да), маркетингтік материалдар мен контент, сондай-ақ біз көрсететін өзге қызметтер (әрбір жағдайда олар осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге гиперсілтемені қамтитын, оны атап өтетін немесе өзгеше жолмен оған сілтеме жасайтын болса) арқылы алынатын дербес ақпараттың («дербес деректер», «дербес түрде сәйкестендірілетін ақпарат» деп те аталатын), қажетті қорғанысы мен лайықты пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Әдетте, біз онлайн-келушілер бізге өз еркімен ұсынатын дербес ақпаратты ғана жинаймыз. Осылайша, біз көрсетілген тұлғаларға ақпаратты және/немесе қызметтерді ұсына аламыз, немесе жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат бере аламыз.
Біз алынған дербес ақпаратты қалай жинайтынымыз, пайдаланатынымыз, табыстайтынымыз және қорғайтынымыз туралы толығырақ түсінік алу үшін осы Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемемен зейін салып танысып шығуларыңызды сұраймыз.
Біз кімбіз?
Бұл Құпиялылық туралы мәлімдеме олардың әрқайсысы дербес заңды тұлға болып табылатын Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан және Әзірбайжан аумақтарында тіркелген мүше фирмалардан тұратын «КПМГ Кавказ және Орталық Азия» (КПМГ КОА) компаниясына қолданылады, және олар «KPMG International Limited» («KPMG International») компаниясының мүше фирмалары болып табылады.
1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану
1.1 Біз жинайтын ақпараттың сипаты
1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдаланудың құқықтық негіздері
2. Дербес ақпаратпен алмасу және оны жіберу
5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің бүтіндігі
7. Жасанды зият (ЖЗ) технологияларын пайдалану
8. Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеге енгізілетін өзгерістер
9.Қабылданған саясаттың ережелеріне және оны сақтау бойынша шараларға қатысты сұрақтар
1. Дербес ақпаратты жинау және пайдалану
1.1. Біз жинайтын ақпараттың сипаты
1.1.1 Жалпы ережелер
Біз дербес деректерді тікелей немесе жанама түрде жинауды іске асыра аламыз.
Тікелей жинау: Біз жеке тұлғалардан дербес деректерді әртүрлі жолмен жинаймыз, мысалы, олар біздің онлайн-нысандарымызды толтырғанда, таратуларға жазылғанда, сауалнамалардан өткенде, вебинарларға тіркелгенде, біз ұйымдастыратын кездесулерге немесе іс-шараларға қатысқанда, кеңселерімізге келгенде немесе қызметкерлер құрамын іріктеп алу үдерістерінің аясында. Сондай-ақ біз, мысалы, біздің арасымызда іскерлік қарым-қатынас орнатылғанда немесе шарт негізінде кәсіби қызметтерді көрсеткен кезде дербес деректерді тікелей ала аламыз.
Сіз КПМГ-да тіркелген немесе оған дербес ақпаратыңызды жолдаған кезде, біз бұл ақпаратты осы Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеге сәйкес пайдаланатын боламыз. Сіздің дербес ақпаратыңыз біз сізден оны өзге мақсатта пайдалануға рұқсатты алған немесе осындай пайдалану міндетті түрде талап етілген немесе заңмен не кәсіби стандарттармен рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ешбір басқа мақсатта пайдаланылмайды. Мысалы, егер сіз КПМГ веб-сайтында тіркеліп, қалауларыңызды көрсетсеңіз, біз сіздің қалауларыңыз туралы ақпаратты сіздің есептік жазбаңыз үшін пайдалануға міндеттенеміз. Егер сіз бөгде сервистер базасындағы бірыңғай кіру жүйесі арқылы веб-сайтта тіркелсеңіз немесе оған кірсеңіз, біз сізді сіз пайдаланатын барлық құрылғыларыңызда дәл сол бір пайдаланушы ретінде сәйкестендіре және сіз кіретін басқа КПМГ веб-сайттарындағы сіздің пайдаланушы баптауларыңыз бен қалауларыңызды дербестендіре аламыз. КПМГ-ға жұмысқа жалдану мақсатында бізге ізденушінің жеке түйіндемесін немесе өмірбаянын қамтитын электрондық хабарламаны жіберсеңіз, біз бұл ақпаратты сізге бар бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру үшін пайдаланамыз.
Бөлек жағдайларда, сіз белгілі бір қызметтерді алу үшін тіркелген кезде, сіз электрондық пошта арқылы бізге хабарлаған ақпараттың растамасын алғанға дейін электрондық пошта мекенжайыңызды – уақытша – сақтап қаламыз (яғни, жазылуға сауалыңызды растау үшін сіз тіркелген кезде көрсеткен мекенжайға электрондық хабарлама жібереміз).
Жанама жинау: Біз жеке тұлғалар туралы дербес деректерді олардан тікелей емес, әртүрлі дереккөздерден, соның ішінде біздің клиенттерімізден және қызметкерлер құрамын іріктеу бойынша қызмет көрсететін ұйымдардан аламыз.
- Әлеуметтік және кәсіби желілерінің сайттары — Егер сіз КПМГ веб-сайтына КПМГ есептік жазбасына кіру үшін түпнұсқалылықты тексеру (анықтап тану) механизмін жүргізетін және сіздің әлеуметтік желілердегі (мысалы, LinkedIn-де, Google-де немесе Twitter-де) есептік деректеріңізді бөгде сервистер базасындағы бірыңғай кіру жүйесі арқылы өз есептік жазбаңызбен тіркелсеңіз немесе оған кірсеңіз, біз сіз әлеуметтік желілердің платформа провайдеріне, мысалы, сіздің атыңыз бен электрондық пошта мекенжайыңыздың жіберілуіне рұқсат берген жүйеде тіркелу немесе оған кіру үшін қажетті кез келген ақпаратты немесе өзге мәліметтерді жинау құқығын өздерімізге қалдырамыз. КПМГ жинайтын басқа ақпараттың сипаты сіз осы әлеуметтік желілер провайдерінің платформасында орнататын құпиялылық баптауларына байланысты болады, сондықтан сізді пайдаланылатын бөгде сервистің құпиялылығын сақтау туралы тиісті ережелермен немесе саясаттармен танысып шығуыңызды сұраймыз.
- Корпоративтік клиенттер — Корпоративтік клиенттерімізге кәсіби қызметтерді көрсету барысында біз қолданылатын деректерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес клиент оларға қатысты контроллер, өңдеуші немесе иесі ретінде әрекет ететін дербес деректерді ала аламыз немесе оларға басқа жолмен қол жеткізе аламыз. Біздің қызметтеріміз бізде орналастырылған бағдарламалық қолданбаларды пайдаланылу арқылы клиенттің бақылауымен дербес деректерді өңдеуді де қамтуы мүмкін, оларға бөлек талаптар, саясаттар және құпиялылық туралы хабарландырулар таралуы мүмкін.
- Қызметкерлер құрамын іріктеп алу бойынша қызметтер — Біз кадрлар агенттіктерінен, сондай-ақ бұрынғы жұмыс берушілер мен өзге ресми уәкілетті ұйымдарды қоса алғанда, басқа тараптардан үміткерлер туралы дербес деректерді ала аламыз.
- Деректерге жазылу қызметтері — Біз әлеуетті жаңа клиенттермен байланысты орнату мақсатында сыртқы деректер жеткізушілерінен бизнеске қатысты дербес деректерді ала аламыз.
1.1.2 Қызметкерлер және ізденушілер туралы ақпарат
Біз қызметкерлеріміздің, еңбек шарты бұзылған тұлғалардың, сондай-ақ бос лауазымдарға ізденушілердің дербес деректерін өңдейміз. Нақты деректер жиыны мен оларды өңдеу мақсаттары сіздің КПМГ-мен қарым-қатынасыңыздың сипатына байланысты, және дербес деректерді өңдеуге тиісті келісімдерде сипатталған. Егер сіз көрсетілген санаттардың біріне жатсаңыз, сіздің келісіміңізді алу шартымен сіз туралы ақпарат КПМГ КОА кадрлар резервіне қосылуы мүмкін. Мұндай жағдайда сіздің деректеріңіз КПМГ Кавказ және Орта Азия кадрлар резерві туралы ережесіне сәйкес өңделетін болады.
1.1.3. Маркетингтік қызмет үшін қажетті ақпарат
Қызметтерімізді ілгерілету мақсатында біз маркетингтік қызметтің алуан түрлерімен айналысамыз: іс-шараларды (соның ішінде вебинарларды) ұйымдастырамыз, мәнді тақырыптар бойынша материалдарды жариялаймыз, (әлеуетті) клиенттерге және олармен байланысты тұлғаларға, сондай-ақ іс-шараға қатысушыларға біздің қызметтеріміз, іс-шараларымыз және жарияланымдарымыз туралы ақпараттық таратуларды жібереміз. Біз сіз алатын ақпараттың өзекті болып, сіздің мүдделеріңізге сәйкес келетініне көз жеткізуге ұмтыламыз. Осы мақсаттарға жету үшін бізге сіздің дербес деректеріңіз (тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, электрондық поштаңыздың мекенжайы, жұмыс орныңыз, лауазымыңыз және басқа байланыс ақпараты) қажет болуы мүмкін.
Дербес деректеріңізді жинау үшін біз үшінші тұлғалар әкімшілік жүргізетін сервистерді (мысалы, онлайн тіркеу платформаларын немесе вебинарларды өткізуге арналған сайттарды) пайдалана аламыз. Тиісті провайдерлер сіздің дербес деректеріңізді өздерінің саясаттарына сәйкес өңдейді, және біз құпиялылық пен сіздің мұндай платформаларға берген ақпаратыңыз үшін жауапты болмаймыз. Толығырақ ақпарат алу үшін дербес деректерді жинау нысандарын толтырмас бұрын осы сервистердің саясаттарын оқып шығуыңызды ұсынамыз.
KPMG кеңселерінде немесе басқа өткізу орындарында электрондық байланыс құралдарының пайдаланылуымен, KPMG және/немесе оның серіктестері ұйымдастырған іс-шараға, оқыту сессиясына немесе өзара әрекеттесудің басқа бір пішініне тіркелу рәсімінен өткеннен кейін, сіз KPMG-ның және/немесе іс-шара ұйымдастырушыларының осы Құпиялылық туралы мәлімдемеде баяндалған дербес деректерді өңдеу туралы ережелерге сәйкес көрсетілген іс-шарада жазылып тіркелген фото және бейнематериалдарды осы іс-шараны көпшілік кеңістігінде (әлеуметтік желілер плафтормаларын, бұқаралық ақпарат құралдарын қоса алғанда, Ғаламтор желісінде) ілгерілету мақсатында сандық түрде де, басып шығарылған түрде де пайдалана алатынымен келісесіз.
1.2 Алынатын дербес ақпаратты пайдаланудың құқықтық негіздері
КПМГ әдетте сіздің сауалыңызды орындау үшін қажетті дербеc ақпаратты ғана жинайды. Бізге қосымша мәліметтерді алу қажет болса, сізге бұл туралы ақпаратты жинау сәтінде хабар берілетін болады.
Қолданылатын заңнама бізге дербес ақпаратты өңдеуге бізде бұл үшін заңды негіз болған шартымен рұқсат етеді, және бізді сізге осы негіздер туралы хабар беруге міндеттейді. Осыған байланысты, дербес ақпаратты өңдеген кезде біз келесі өңдеу шарттарының біріне сүйенетін боламыз:
- Шартты орындау: сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу біздің шарт бойынша міндеттемелерімізді орындау үшін қажет;
- Заңмен белгіленген міндет: салық салу мақсаттарында жазбаларды сақтау немесе белгілі бір мемлекеттік немесе құқық қорғау органына ақпарат беру сияқты заңмен белгіленген міндеттемені орындау мақсатында біз сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеуге міндеттіміз;
- Сіздің келісіміңіз: жеке жағдайларда біз сіздің дербес ақпаратыңыздың белгілі бір бөліктерін өңдеуге сіздің жеке келісіміңізді сұрайтын боламыз, бұл ретте сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу тек сіздің келісіміңізді алған шартымен ғана жүргізілетін болады. Сіз КПМГ-ға ccadataprivacy@kpmg.com мекенжайы бойынша жүгініп, келісіміңізді кез келген уақытта кері қайтарып алуға құқылысыз;
- Жария мүдделер: Біз дербес деректерді өңдеуді қоғамдық мүдделер үшін маңызы бар тапсырманы орындау үшін немесе қолданылатын заңнамаға сәйкес бізге берілген ресми өкілеттіктерді іске асыру аясында жүргізе аламыз;
- Заңды мүдделер: егер мұндай өңдеу заңды кәсіптік қызметті жүргізу барысында біздің заңды бизнес мүдделеріміздің аясына кіріп, оның одан арғы іске асырылуы үшін қажет болатын болса, біз, мұндай ақпаратты өңдеу сіздің мүдделеріңізді бұзбайтын шартымен, сіз туралы ақпаратты өңдейтін боламыз;
Жоғарыда аталған заңды мүдделердің мысалдарына төмендегілер жатады:
- КПМГ туралы (іс-шаралар мен бос орындарды қоса алғанда) және/немесе қызметтер туралы ақпаратты, соның ішінде веб-сайтымызға кіретін жеке тұлғаларға ұсыну.
- Жосықсыз әрекеттерді немесе қылмыстық әрекетті болдырмау және біздің IT жүйелерімізді қорғау.
- Онлайн-келушілердің жекеленген баптаулары мен параметрлерін сақтау, сондай-ақ КПМГ веб-сайттарының функционалдық сипаттамаларын жақсарту және тиімділігін арттыру.
- Маркетингтік қызметті іске асыру және оның нәтижелерін талдау.
- Біздің корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі міндеттемелерімізді орындау.
Қолданылатын құқық жоғарыда аталған кейбір негіздерді ескермеуі мүмкін. Біз дербес ақпаратты қолданылатын құқыққа толық сәйкеспен өңдеуге міндеттенеміз.
Дербес деректердің арнайы санаттары тиісті заңнамамен анықталады, және КПМГ оларды қолданылатын заңнамада ескерілген жағдайларда ғана өңдейді.
Біздің сайттарда cookies технологиялары пайдаланылуы мүмкін. Мұндай технологиялар пайдаланылған кезде, сайтта cookie файлдарының пайдаланылу тәртібін түсіндіретін хабарлама орналастырылатын болады.
Толығырақ ақпаратты Cookies файлдарын пайдалану туралы мәлімдеме құжатында таба аласыз.
КПМГ балалардың жеке өміріне, әсіресе электронды байланыс арналары арқылы қатынасу ортасында қол сұқпаушылығының маңыздылығын толығымен сезінеді. Біздің электронды сайттарымыз жасы 14-ке толмаған балаларға арналмаған. Мұндай ақпаратты кәсіби қызметтерді көрсету бойынша жұмысты орындау шеңберінде жинау мен сақтауды қоспағанда, біздің саясатымызға сәйкес ешқашан жасы 14-ке толмаған тұлғалар туралы ақпаратты мақсатты түрде жинамаймыз және сақтамаймыз. Жекелеген жағдайларда біз өткізетін іс-шаралар мен қойылымдарға балалардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен бірге қатысуы туралы мәліметтерді байқаусыз алуымыз мүмкін.
Біз балалардың дербес ақпаратын тек қолданылатын заңнамаға сәйкес өңдейтін боламыз.
2. Дербес ақпаратпен алмасу және оны жіберу
2.1 KPMG мүше-фирмалары желісі ішінде дербес ақпаратты жіберу
Біз сіз туралы ақпаратты халықаралық жобалар шеңберіндегі, сондай-ақ KPMG International Limited-пен, оған қатысты компаниялармен және KPMG International қауымдастығына кіретін басқа мүше фирмалармен КПМГ желісінің мүше фирмаларына әлемнің басқа елдерінің заңнамасында және нормативтік-құқықтық актілерінде ескерілген талаптарды сақтау бойынша міндеттемеміз туындағанда немесе мұндай талаптарды сақтау қажет болып саналғанда береміз. КПМГ желісінің құрамына кіретін басқа фирмалар біз бен сізге АТ қолданбаларын хостингілеу және қолдау, мүше фирмалар мен олардың клиенттері үшін жауапкершілікті сақтандырудың белгілі нысандарын ұйымдастыру, басқа клиенттермен мүдделер қақтығысының бар-жоқтығының тексерістерін және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес тексерулерді жүргізу, клиенттердің жобалары шеңберінде қызметтерді және КПМГ қызметінің үздіксіз сипатын қамтамасыз етуге арналған басқа қызметтерді көрсетуге жәрдемдесу сияқты қызметтерді де көрсетеді.
2.2 Үшінші тұлғаларға беру
Кәсіби қызметіміз, сауалдарыңызды өңдеу, шарттық міндеттемелерді орындау мақсаттарындағы қажет болған және (немесе) заңнама немесе кәсіби стандарттар талап еткен немесе рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, біз дербес ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейміз.
Біз мұндай беруді орындаған жағдайларда, сіздің дербес ақпаратыңыздың қорғанысы біз осы ұйымдармен жасаған шарттардың талаптарына сәйкес бұрынғыша іске асырылып тұратын болады, және мұндай шарттар әдеттегідей ақпаратты қорғау туралы ережелерді қамтитын болады. Әрбір ұйым немесе үшінші тұлға біздің шарттық міндеттемелерімізге және/немесе деректерді қорғау туралы заңнаманың талаптарына сәйкес дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
КПМГ сіз берген дербес ақпаратты үшінші тұлғаларға осы тұлғалардың оны тікелей маркетинг мақсаттары үшін пайдалану үшін бермеуге міндеттенеді.
КПМГ сізден дербес ақпаратыңызды белгілі бір мақсаттарда пайдалануға рұқсат сұрайтын болады, ал сіз тиісінше мұндай рұқсатты бере немесе оны беруден бас тарта аласыз. Электрондық жаңалықтар бюллетеньдері сияқты нақты сервистеріне немесе ақпараттық таратуларға жазылсаңыз, сіз кез келген сәтте оларды алудан бас тарта аласыз, ол үшін сізге жолданатын әр материалға енгізілетін нұсқауларды орындаңыз. Егер сіз біздің таратуларымызды алудан бас тартуды шешсеңіз, біз сіздің ақпаратыңызды мүмкіншілігінше өте қысқа мерзімде жоюға тырысатын боламыз; алайда, сауалыңызды өңдемес бұрын бізге сізден қосымша ақпарат қажет болуы мүмкін.
Жоғарыдағы «Cookies технологиялары» бөлімінде көрсетілгендей, cookies-тердің біздің сайттардағы сіздің шарлауыңызды қадағалап тұрғанын қаламасаңыз, браузеріңізді оның барлық cookies-терді бұғаттайтындай етіп немесе cookies-файл жіберілген кезде сізді ескертіп тұратындай етіп баптай аласыз. Cookie файлдарын бұғаттау нәтижесінде сайттың кейбір ресурстары қолжетімсіз болуы екенін есте сақтау қажет.
КПМГ сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеген кезде сізде келесі құқықтар бар болады:
- Қолежітімділік пен дәлсіздіктерді түзету: сіздің дербес деректеріңізді өңдеп жатқанымыз туралы бізден растаманы сұрауға құқығыңыз бар. Мұндай қол жеткізу оның негізінде берілетін құжат «Дербес деректер субъектісінің ақпаратты алуға сауалы» деп аталады. Егер сізге дербес ақпаратты ұсыну қолданылатын заңнаманың талаптарымен ескерілген болса, мұндай ақпарат сізге тегін берілетін болады. Сізге дербес ақпаратты бермес бұрын, біз сізден жеке басыңыздың растамасын және олардың негізінде біз дербес ақпаратыңызды анықтай алатын арамыздағы өзара әрекеттесудің сипаты туралы жеткілікті мәліметтердің қажетті көлемін беруіңізді сұрауымыз мүмкін. Егер бізде сақталатын сіздің дербес ақпаратыңыз қате болса, сіз кез келген дәлсіздіктерді түзету жайлы сауалмен бізге жүгінуге құқылысыз;
- Өңдеумен келіспеушілік: егер, сіздің пікіріңізше, біздің дербес ақпаратыңызды бұдан былай жалғастыруға құқымыз жоқ болса, сіздің оны өңдеуге келіспеушілігіңізді білдіруге құқығыңыз бар;
- Келісімді кері қайтарып алу және/немесе уәкілетті органға шағым беру құқығы;
- Жою құқығы: сіздің келісіміңізді кері қайтарып алғаннан кейін немесе дербес ақпаратыңыздың сақтау мерзімі негізсіз асып кетті деп есептесеңіз, дербес ақпаратыңызды жоюды талап етуге құқығыңыз бар; Сіздің қолданылатын құқыққа байланысты басқа да құқықтарыңыз болуы мүмкін.
Сіз КПМГ-мен ccadataprivacy@kpmg.com мекенжайы бойынша байланысып, және бізге өз байланыс деректеріңізді берген мақсатыңызды көрсетіп, сауалды жібере аласыз және жоғарыда аталған құқықтарды іске асыра аласыз, ал біз өз тарапымыздан сіздің сауалыңыздың қолданылатын заңнама мен кәсіби стандарттарға қайшы келмейтін шартымен оны орындау үшін барлық ақылға қонымды және іс жүзінде орындалатын күш-жігерімізді саламыз.
5. Ақпараттық қауіпсіздік және деректердің бүтіндігі
КПМГ-да дербес ақпаратты жоғалудан, рұқсатсыз пайдаланудан, өзгертуден немесе жоюдан қорғауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен саясаты қабылданып, әрекет етуде. Сонымен бірге, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты барлық қауіп-қатерлердің тұрғысынан, тіпті КПМГ салатын барлық күш-жігеріне қарамастан, дербес ақпараттың сақталуына абсолютті кепілдік беру мүмкін емес. Өз жағымыздан біз сіздің дербес ақпаратыңызға олардың қызметтік міндеттерін орындау үшін қажет тұлғалардың ғана қол жеткізе алатынын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Дербес деректерге қолжетімділігі бар тұлғалар олардың құпиялылығын сақтауға міндетті.
Біз дербес ақпаратты i) сауалдарды және/немесе шарттық міндеттемелерді орындау, ii) заңнаманың, реттеуші органдардың, ішкі әкімшілік қызметтің, немесе ішкі саясаттың талаптарын орындау үшін немесе iii) дербес ақпаратты берген тұлға бізге мұндай ақпаратты жою сауалымен жүгінген сәтке дейін ол бізге қажет болған уақыт кезеңі ішінде ғана сақтауға тырысамыз. Мұндай деректерді сақтау мерзімі ақпарат жинау кезінде ескерілген нақты оқиғалар мен мән-жайларға байланысты болады, бірақ жоғарыдағы i)–iii) тармақшаларының талаптарына сәйкес, дербес ақпарат қолданылатын заңнамаға сәйкес тиісті болатыннан ұзақ емес сақталатын болады.
Көптеген жағдайда КПМГ веб-сайттарында басқа сайттарға, соның ішінде КПМГ желісінің мүше фирмалары қолдап тұратын сайттарға сілтемелер қамтылатын болады, және оларға көбінесе осы Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеден ерекшеленетін құпиялылықты сақтау мен дербес ақпаратты қорғау туралы өзге құжаттардың ережелері таралады. Біз онлайн-келушілерге қандай болса да дербес ақпаратты ашпас бұрын әрбір веб-сайтта жарияланған құпиялылықты сақтау саясатымен танысып шығуды ұсынамыз.
Кез келген КПМГ веб-сайтында тіркеліп, өз есептік жазбаңызбен басқа КПМГ желісінің мүше фирмасы қолдап тұратын веб-сайтқа көшу арқылы сіз қазіргі сәтте кіріп жатқан КПМГ веб-сайтының құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемесіне сәйкес сіздің дербес ақпаратыңыздың пайдаланылуына келісіміңізді бересіз.
7. Жасанды зият (ЖЗ) технологияларын пайдалану
КПМГ өзі көрсететін қызметтерді қолдап және жетілдіріп тұру үшін жасанды зиятты (ЖЗ) пайдалануы мүмкін. КПМГ ЖЗ-ның қолданылуы қолданылатын нормативтік актілер мен заңнамаға сәйкес іске асырылатынына кепілдік береді. ЖЗ жүйесі өңдейтін кез келген деректер біздің жинауға және өңдеу мен ашықтыққа заңды және әділ тәсілдемеге деген бейілділікті ұстануымызбен өңделеді.
8. Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеге енгізілетін өзгерістер
КПМГ уақыттың нақты сәтінде әрекет ететін деректердің сақталуын қамтамасыз ету тәртібін қамтып көрсету үшін осы Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемеге мезгіл-мезгіл өзгерістерді енгізіп тұруы мүмкін. Өзгерістерді енгізген сайын, біз осы беттің жоғарғы жағында жаңа редакциясының күнін көрсетіп тұратын боламыз. КПМГ сіздің дербес ақпаратыңыздың қорғалуын дәл қалай қамтамасыз етіп тұрғанын білу үшін, біз КПМГ сіздің ақпаратыңызды қалай қорғайтыны туралы өзекті ақпарат алу мақсатында КПМГ-ның осы Мәлімдемесін жүйелі түрде қарап шығып тұруыңызды ұсынамыз.
9. Қабылданған саясаттың ережелеріне және оны сақтау бойынша шараларға қатысты сұрақтар
КПМГ сіздің дербес ақпаратыңыздың сақталуын қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Егер біздің сіздің дербес ақпаратыңызбен жұмысымызға қатысты қандай болса да сұрақтарыңыз немесе ескертпелеріңіз пайда болса, бізбен ccadataprivacy@kpmg.com мекенжайы бойынша байланысуыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, сіз осы мекенжайды біздің Құпиялылықты сақтау туралы мәлімдемені сақтауымызбен байланысты қандай болса да мәселелер туралы хабарлау үшін пайдалана аласыз. Біз сіздің электронды хабарламаңызды алу фактісін растаймыз да, сізде пайда болған қиыншылықты ақылға қонымды мерзімде, бірақ қолданылатын құқықта сауалдың әрбір түріне қатысты ескерілген мерзімнен ұзаттырмай шешуге шараларды қолданатын боламыз.
Егер алынған жауап қандай болса да себеппен сізді қанағаттандырмайтын болса, сіз GlobalPrivacyOffice@kpmg.com мекенжайы бойынша электронды хабарламаны жолдап, өз мәселеңізбен жоғарырақ деңгейге, Жаһандық лауазымды тұлғаға жүгіне аласыз. Көрсетілген тұлға 14 күн ішінде сіздің электронды хабарламаңызды алғанын растайды да, біз тиісті электрондық хабарламаны алғаннан кейін бір ай ішінде сізде пайда болған мәселені шешу үшін шараларды қолданамыз. Егер мәселе күрделі болып қалса, немесе біз нақты сәтте бірден бірнеше мәселені шешумен айналысып жатқан болсақ, біз сізге сіздің мәселеңізді шешу үшін бір айдан астам уақыт кететіні туралы, сондай-ақ біз оны сіздің ол туралы алғашқы хабарламаңыздан кейін үш ай ішінде шешу үшін барлық шараларды қолданатынымыз туралы хабарлаймыз.
Біз сізді алаңдататын мәселені қабылдай да аламыз (бұл жағдайда жоғарыдағы «Сіздің құқықтарыңыз» бөлімінде көрсетілген шаралардың бірін қолдануымыз мүмкін) немесе заңды негізде оны қарауға қабылдаудан бас тарта да аламыз.
Кез келген жағдайда, сіз сіздің юрисдикцияңыздағы дербес ақпаратты қорғауға жауапты реттеуші органға әрдайым шағым беруге құқылысыз.
1 Осы КПМГ Мәлімдемесінде «КПМГ» немесе «KPMG» аббревиатурасы, «біз» есімдігі және оның туынды жіктеу есімдіктері жаһандық ұйымды немесе әрқайсысы дербес заңды болып табылатын KPMG International Limited («KPMG International») бір немесе бірнеше мүше фирмасын білдіреді.
KPMG International Limited – жауапкершілігі өзінің қатысушыларының кепілдіктерімен шектелген жеке ағылшын компаниясы. KPMG International клиенттерге кәсіби қызметтерді көрсетпейді. KPMG желісінің ешбір мүше фирмасының KPMG International немесе қандай болса да KPMG мүше фирмасын кез келген үшінші тұлғалар алдында міндеттемелермен байланыстыруға құқығы жоқ, сондай-ақ KPMG International компаниясының да KPMG желісінің ешбір мүше фирмасын осындай міндеттемелермен байланыстыруға құқығы жоқ.