Стратегиялық және операциялық кеңес беру

Стратегиялық және операциялық кеңес беру

Стратегиялық және операциялық кеңес беру Тобының басты мақсаты біздің клиенттеріміздің бизнесінің құны мен операциялық тиімділігін көтеру болып табылады.
Біздің команданың салалық сараптамасы, алдыңғы қатарлы әдістемелері мен операциялық тәжірибесі біздің клиенттерді үшін қызмет көрсетудің ең жоғары сапасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Стратегиялық кеңес беру бойынша жобаларды жүзеге асыруға ең үздік жергілікті KPMG мамандарымен қатар, тиісті салада көп жылғы еңбек тәжірибесі бар халықаралық сарапшылар да қатысады.

Біздің команда стратегиялық және операциялық жоспарлаудың бүкіл үдерісі бойы компанияның мүдделері мен ағымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, миссия мен көрінуді анықтаудан бастап, және жаңа ұйымдық құрылым құруға дейін сенімді серіктес болуға дайын.

Қазақстандағы біздің клиенттердің тізіміне қаржы, электр энергетикасы, мұнай және газ, жылжымайтын мүлік, білім беру мен мемлекеттік сектор саласындағы ірі компаниялар кіреді. KPMG ғаламдық желісі бізге экономиканың барлық негізгі салалары бойынша сараптамаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біз нарықтық құны мен операциялық тиімділігін арттыру үшін компанияларға келесі төрт негізгі салаларға тоғыстырылу керектігіне сенімдіміз:

  • Стратегия;
  • Операциялық тиімділікті арттыру;
  • Ұйымның тиімділігін басқару;
  • Сатып алулар мен жеткізілім тізбегін басқару.

Бізбен байланысыңыз