Бірігу мен қарамағына алу
Бірігу мен қарамағына алу
Бірігу мен қарамағына алу
Бірігу және қарамағына алудың салықтық тобы Қазақстанда сату кезінде салықтық салдарды есептеуде, компанияларды сатып алуда,бірігу және бірлескен кәсіпорындарды ашуда, Қазақстан және ТМД, басқа да әлем елдері мен аймақтарының нарықтарына шығуда көмек береді.
Біз қызмет көрушілерге бүкіл мәміле процесі барысында (құрылымын жоспарлау кезеңінен бастап мәміле жасасу кезіне дейін) және оны ресімдеуден кейін стратегиялық жоспарды іске асыру процесінде қолдау көрсетеміз. Біз жинақталған білімдеріміз бен тәжірибемізді салық заңнамасындағы өзгерістерге тәуелді болмайтын және болашақта салық органдарының егжей-тегжей тексерісінен сәтті өте алатын мәміле құрылымын таңдау үшін қолданамыз.
KPMG қызметтері
Салықтық және заңгерлік кеңес беру бөлімінің бірігу және қарамағына алу тобы артық қаржы құюды және қажетсіз салықтық салдарды жұмсартуға немесе болдырмауға мүмкіндік беретін мәміле құрылымын қажетті түрде дайындап, іске асыруға көмектесе алады.
KPMG-дың мәмілелерді сүйемелдеу тобымен бірлесе жұмыс жасай отырып, біз Қазақстанда және шетелде бизнесті сатып алу және сату мәмілелері барысындағы келесі қызметтердің кең ауқымын ұсынамыз:
- инвестициялау алдындағы салықтық зерттеулер;
- активтерді сатып алу және сату құрылымын дайындау;
- салықтық модельдеу;
- бизнес (активтер) сатушысына көмек көрсету;
- мәміле жасағаннан кейін активтерді біріктіру.
KPMG артықшылықтары
- Бірігу және қарамағына алу бойынша мәмілелер көп уақыт жұмсауды талап етеді. KPMG кеңес берушілері мәмілені сүйемелдеу міндеттерін толығымен өз мойындарына ала алады, бұл инвестордың басшылығына негізгі жұмысқа көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
- KPMG мамандары қолданатын кешенді әдіс, соның ішінде конкурстық сатылымдарға қатысу және бизнес сатушысына көмектесу саласында, көпшілікке танымал бола бастады.
- KPMG кеңес берушілері банктер мен сыртқы инвесторлардың сұраныстары күн сайын артатын мәмілелердің айқын құрылымдарын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетеді.
- Үнемі жоғарылап отыратын мәмілелер күрделілігі оларды талдау үшін, жаңа кәсіби білімдерді алуды талап етеді.
- Халықаралық жоспарларды іске асыру үшін әр түрлі салық заңнамасы, бизнесті жүргізу мәдениеті, уақыт аймақтары мен әр түрлі тілдер жағдайларында жұмыс жасай алатын ұлт үсті деңгейдегі жұмыс топтары қажет.
Бізбен байланысыңыз
- Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
- kpmg.emailUs
- Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia