KPMG негізгі функционалдық бағыттардағы тәжірибесіне сүйене отырып, клиенттерге қаржы, ақпараттық технологиялар, логистика, адами ресурстарды басқару, коммуникациялар, өндіріс, сату және маркетинг салаларында тиімділікті арттыруға көмектеседі.
Біздің мамандар басқарушылық консалтинг қызметтерінің кең спектрін ұсынады. Қазақстандық және халықаралық компаниялармен жұмыс тәжірибемізді, сондай-ақ мұнай-газ, бөлшек сауда, металлургия және тау-кен өндірісі, тұтыну тауарлары мен қаржы секторларындағы жаһандық үздік тәжірибелерді қолдана отырып, біз жобаларды клиенттердің күтулеріне сай немесе одан жоғары деңгейде тиімді іске асырамыз.