Өнеркәсіп секторы
Өнеркәсіп секторы
Өнеркәсіптік сектор әуеғарыштық және қорғаныс, машина жасау мен электротехника, металлдарды өндіру мен өңдеу сынды салалармен жұмыс жасайды.
Белгілі бір сектордың ерекшелігі тән аспекттердің көптігіне қарамастан, KPMG қызмет көрсететін барлық өнеркәсіптік сегменттер мен әр түрлі нарықтарға тән төрт негізгі бағытты бөліп алуға болады.
Стратегияны іске асыру – бизнесім бәсекеге қабілетті болу үшін оның формасы болашақта қандай болу керек?
Жаһандандыру – көлемі әр түрлі өнеркәсіптік компаниялар өздерінің жеткізушілері мен клиенттері арасындағы қарым-қатынастарын қалай нығайтады?
Салық шығындарын төмендету – салық салымынан бастап өнеркәсіптік жабдықтарды қолдануға дейін, әр түрлі салаға жататын сұрақтарды қалай шешу керек?
Тапсырыс берушілердің талаптарын есепке алу – қызмет көрсету деңгейін көтеру негізінде табысты қалай арттыруға болады?
KPMG-дың өнеркәсіптік компанияларға ұсынатын қызметтері, жоғарыда аталған төрт міндеттерді шешу негізінде клиенттерімізге көмек көрсетуге және олардың акционерлерінің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. KPMG компанияларға өз акционерлеріне олардың кәсіпорындары өндірістің өсуі, акциялар бағасының өсуі және шығындарды бақылау негізінде жоғары табыс алатынын көрсетуде көмектесуге тырысады.
KPMG ұсынатын амалдарды қысқаша клиенттеріміздің бірі берген сын-пікірімен сипаттауға болады: «KPMG жұмыс тобының мамандарында кәсіпорнымыздың жұмысы туралы толыққанды түсініктері болды. Ең басты олар өз әрекеттерін түсіндіруге және тәжірибемен бөлісуге керекті уақыт таба білді». Өнеркәсіптік нарықтар бойынша KPMG бөлімін Халықаралық кеңес төрайымы басқарады. Оның құрамына салалық сұрақтар бойынша алдыңғы қатарлы мамандар тобы және орындардағы кәсіби консультанттар тобы кіреді.
Бізбен байланысыңыз
- Кеңсені табу kpmg.findOfficeLocations
- kpmg.emailUs
- Әлеуметтік желідегі KPMG kpmg.socialMedia