Өтініштердің көптігіне байланысты біз, әдетте, екі апта ішінде жауап береміз. Егер сіз сұхбатқа іріктелсеңіз, KPMG Қазақстан өкілі сізбен телефон арқылы байланысып, кездесу уақытын келіседі немесе электронды поштаңызға толық мәліметі бар хат жолдайды. Өтінеміз, байланыс деректеріңіздің дұрыстығын және жұмыс уақытында байланыста болатыныңызды тексеріңіз.
Барлық бос жұмыс орындары біздің мансап порталымызда, сондай-ақ LinkedIn және Instagram сияқты ресми әлеуметтік желілерімізде жарияланады. Соңғы мүмкіндіктерден хабардар болу үшін бізге жазылыңыз.
Біз қызметкерлеріміздің кәсіби дамуын белсенді түрде қолдаймыз. Компаниямыз түрлі дамыту бағдарламаларын, ішкі тренингтерді және мансаптық өсудің кең мүмкіндіктерін ұсынады. Біз алдына биік мақсат қоя білетін (амбициялы) тұлғаларды бағалаймыз және олардың өз саласында өсуіне қажетті барлық құралдар мен ресурстарды ұсынамыз.
Иә, сіз бастапқы деңгейдегі лауазымдарға екі рет өтініш бере аласыз. Алайда, сандық тестілеуді (numerical test) соңғы рет тапсырған сәттен бастап алты ай өткеннен кейін ғана қайта тапсыруға болатынын ескеріңіз.