Инновациядағы инвестициялар, альянстар мен адамдар KPMG өсімінің негізгі факторы ретінде

Инновациядағы инвестициялар, альянстар мен адамдар

1000
  • Инновациядағы инвестициялар, альянстар мен адамдар қызметтің барлық негізгі бағыттарының айтарлықтай өсуіне ықпал етті, соның нәтижесінде компания қаржы жылы 25,42 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде ақшалай түсімге ие болды.  
  • KPMG жұмысқа 37 000 астам бертінгі түлектерді және басқа қызметкерлерді қабылдады, бұл фирманың штат санының189 000 адамға дейін рекордтық ұлғаюына әкелді.
  • Барлық үш өңірдегі жоғары көрсеткіштер департаментті аудиторлық, салық және кеңес беру қызметтері қырынан көрсетті; әсіресе кеңес беру қызметтерінің бағыты ерекшеленді - бұл бойынша жылдық есептегендегі өсім 11,5% құрады.

KPMG International 2016ж.30 қыркүйекте (2016 қаржы жылы) аяқталған қаржы жылы желіден 25,42 млрд. АҚШ долл. тең ақшалай түсімнің жиынтығын жариялады, бұл жергілікті валютаның өткен жылғы ұқсас көрсеткішінен 8,0% асады.

«Әлемде бүтіндей өсімнің едәуір бәсеңдеген жағдайындағы 2016 қаржы жылындағы KPMG жоғарғы көрсеткіштері біздің жұмысқа қосқанымыз, біздің іске берілгендігіміз және инновациялық ойлауымыз туралы куәландырады, -дейді KPMG Internationalпрезиденті Джон Веймайер.- Бүгінгі күнгі құбылмалық жағдайда біздің технологияға жасаған стартегиялық инвестициямыз, альянстар мен біздің адамдарымызды фирманың бүкіл географиялық өңірлер мен барлық қызмет бағыттары бойынша өсуімен толықтырады. 2016 қаржы жылы мыңдаған бірегей адамдар бүкіл әлем бойынша KPMG командасының мүшелері болды және де біз жоғары деңгейдегі қызметтерді көрсету үшін, қолдан келген барлық мүмкіндікті жасауды жалғастырдық»

«2016 қаржы жылы біз қызметтер мен технологияға стратегиялық инвестиция саласындағы басымдықтарды, басты назарды ең жоғарғы қиындықтар мен түбегейлі өзгерістер байқалатын салаларға аударудыжалғастырдық, - деп, сөзін жалғады Джон Веймайер. — Бізге кибер қауіпсіздік және деректерді басқару, аналитика сияқты басты бизнес салаларынадағы көшбасшылық шептерді алуға мүмкіндік туды. Сонымен бірге, біз бизнес және ең озық технология саласындағы тәжірибесімен әлемдік деңгейдегі инновацияларды байланыстыратын, альянстармен құрылған жетекші технологиялық компаниялармен қатар тығыз жұмыс істейміз».

«Бұдан басқа, біз саланың бірқатар күрделі мәселелері бойынша пікірталасты қозғау үшін, реттеуші, салық органдарымен және басқа мүдделі тұлғалармен өзара белсенді іс-қимыл жасаймыз. Біздің мақсатымыз ешқашан айқын болған емес- біз сенімділік туғызамыз, біздің жұмысымыз клиенттерді және зерттеу, инвестиция, инновация, өсім және өзгеріске арналған бизнес –бірлестікті рухтандырады. Ұлыбританияның ЕО-тан шығу мәселесі бойынша KPMG озық тәжірибесінің халықаралық орталығы –біздің бүкіл әлемдегі клиенттерімізді даярлау процесінде ұсынатын сол сапалы кеңестің және сол ойлаудың жарқын үлгісі, әлемдік саудадағы едәуір өзгеріс болуы мүмкін».

Бүкіл әлем бойынша клиенттерге сапалы қызмет көрсету арқасындағы табыс

Өз мақсатымызға сәйкес, клиенттерге біздің бескелестік артықшылықтарымызды жария ету үшін, KPMG желісі үш географиялық өңірдегі өз өсімін жалғастырды:

  • Солтүстік және Оңтүстік Америка өңіріндегі ақшалай түсім кеңес беру саласындағы өсім есебінен 9,6% -дан 12,0%-ға, салық 11,6% және аудиторлық 6,4%-ға өсті. АҚШ 9,4% -ға сенімді өсуі аудиторлық емес саладағы екі мәнді өсімнің арқасында мүмкін болы.

  • Басқа өңір нарқында –Барзилия мен Мексикада- сәйкесінше 12,7% және 8,8% өскені байқалды. • Азия-Тынық мұхит өңірі 2015 қаржы жылына қарағанда, едәуір жоғарғы өсімді көрсетті; ақшалай түсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,2% - дан 9,8%-ға ұлғайды. Әсіресе жоғарғы өсім көрсеткішін (20,7%) кеңес беру қызметтері әйгіледі. Ең табыстысы Аустралия болып шықты, мұнда тағыда екі мәнді өсім белгіленді. Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай өткен жылдың көрсеткіштерін жақсарта отырып, сәйкесінше 13,3%, 9,4% және 9,2% өсті

  • Еуропа, таяу Шығыс және Африка (Үндістанды қоса алғанда) өңірлерінде жақсарып келе жатса да, бизнес саласындағы күрделі жағдайға байланысты, ақшалай түсім алдыңғы жылғымен салыстырғанда тек 4- пайызға ұлғаюмен, 6,0% өсті. Ақшалай түсімнің өсуінің негізгі факторы кеңес беру саласындағы жоғарғы көрсеткіштер болды, ол 2015 қаржы жылымен салыстырғанда 8,7% құрады. Жақсы өсім Үндістанда (18,6%), Таяу Шығыста, Оңтүстік Азияда (10,7%) және Ирландияда (8,6%) байқалды.

Аудиторлық, салық және кеңес беру қызмет бағыттары бойынша өсім

Аудиторлық қызметтер

Аудиторлық қызмет саласындағы ақшалай түсімнің жалпы өсімі тамаша көрсеткіш 6,1% белгіленген, өткен жылдың оң тенденциясын жалғастыра отырып, 4,5% (ақшалай ол 10,12 млрд. АҚШ долл.) құрады.

KPMG желілерінің мүшелері- фирмаларға тағы да аудиторлық маңызды жобалардың бірқатарын алу мүмкіндігі туды, әсіресе Еуропадан алу, мұнда 2016ж. Еуропалық одақтағы аудиторлық реформа басталған болатын.

«Біз басты назарды аудит сапасына аударуға және бірнеше жүздеген АҚШ доллары есептелген аудит саласындағы жаңа технологияларға инвестиция тартудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын жүргізуді жалғастырудамыз, - дейді Джон Веймайер. — Бұл технологиялар бізге бизнес-тәуекелдер бойынша клиенттерге бағалы сараптау ұсыныстарын жасауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, деректерді басқару және аналитика саласында деректерді когнитивтік өңдеуге және аудиторлардың дағдыларын жетілдіруге инвестиция тарту, біздің жасап жатқан жұмысымызға деген сенімділіктің өсуіне ықпал етеді».

Салық қызметтері

Салық қызметтері саласындағы ақшалай түсім 5,56 млрд АҚШ долл жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8,8% өсті. Бұл ретте, Азия-Тынық мұхит өңірінде оның өсімі 11,1% құрады. Барлық үш өңірдегі сенімді көрсеткіштер салық заңнамасы талаптарын сақтауды тексеру бойынша қызметтеріне , сонымен бірге халықаралық салық салу және қосылу, қосып алу қызметтеріне арналған жоғарғы сұраныспен белгіленді.

«Біздің өзара барынша байланысты іскерлік әлімдегі салық қызметтері ерекше маңызды және барған сайын күрделі бола түсуде, - дейді Джон Веймайер. — Клиенттерге әртүрлі елдердегі салық заңнамасын сақтауға, көптеген елдерді қамтитын жеткізу тізбегінің болуы кезіндегі жанама салық, иммиграция, салық саясаты жөніндегі кеңес беру көмегі талап етіледі. Қазір, бұрынғыдай емес, бүкіл әлем бойынша мүдделі тараптармен салық мәселесі бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасау туралы кеңес беру өзекті болуда. Біз осы саладағы жауапты сұхбатқа ықпал етеміз- үкімет өкілдері, салық төлеушілер және кәсіби кеңесшілер қатысатын әдіптік мінез-құлық тақырыбына пікірталасты дамытамыз».
 

Кеңес беру қызметтері

Кеңес беру қызметтері саласындағы ақашалай түсімнің соншалықты жоғарғы көрсеткіштері біздің ірі компаниялармен бірлескен жұмыста, екпінді инновацияларға басудың арқасында мүмкін болды. Кеңес беру қызметтері бойынша жиынтық ақшалай түсім бір жылдың ішінде ( 2015 қаржы жылғы өсім 9,2% құрады)9,74 млрд. АҚШ долл. жетіп, 11,5% өсті., әрі өткен жылғымен салыстырғанда, жақсы өсім KPMG кеңес беру қызметтерінің барлық үш бағыттары бойынша байқалды.

  • Өсімі 16,3% құраған, басқарушылық кеңес беру саласындағы қызметтерге деген сұраныс бір жағынан технология негізіндегі компанияларды түрлендіру жобаларымен байланысты болды.

  • АТ және форензик саласындағы қаржы тәуекелдерін басқаруды, нормативтік-құқықтық мәселелерді, кеңес беру қызметтерін қоса алғандағы, тәуекелдіктерді басқару бойынша кеңес беру саласындағы өсім 10,2% құрады. 

  • Сатып алу-сату мәмілелерін сүйемелдеу бойынша клиенттерге қызмет көрсететін капитал нарқы және инвестиция тарту 12,1% өсті.

  • Стратегия тобы да кеңес беру қызметтерін бағыттау өсіміне мәнді үлес қосты.

Болашақ өсімге инвестиция тарту

Жақын арадағы 3 жылда KPMG жаңа қыземттерге, технологияларға, альянстарға және сатып алуларға, әсіресе деректерді басқару және аналитика, кибер кеңістік, цифрлық еңбек және аудит сияқты салаларға 2,5 млрд долл. астам инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл біздің операциялық моделдерді түрлендіруге және технологиялық әлеуетті күшейтуге ықпал ететін инвестициялар желісінің бүкіл тарихындағы ең ірісі болады.

Дарындылар KPMG таңдайды

2016 қаржы жылы KPMG ең алдымен өзінің ұзақ мерзімдік мақсатына сәйкес дарынды мамандар үшін тартымды жұмыс беруші болуға талпынды.37 000 астам бертінгі түлектерді және басқа бастапқы деңгейдегі қызметкерлерді KPMG фирмаларына қабылдады және басқа компаниялардан 300 астам жаңа әріптес және KPMG ішінде осы лауазымды алған 600 әріптес фирма басшылығының қатарын толықтырды. KPMG персоналының бір жылдағы саны бүкіл әлем бойынша 189 000 жуық адамды құрай отырып,(әріптестерді қоса алғанда) 8% ұлғайды- бұл KPMG бүкіл тарихындағы персонал жалдаудың ең жоғарғы көрсеткіші болды.

KPMG кемсітілмейтін мәдениеті фирмадағы ең әртүрлі дағдылы, тәжірибелі және клиенттердің күтулеріне жауап беретін ойлау құрылымы зор қызметкерлердің өздерін жайлы сезінулеріне мүмкіндік береді. Үйлесімді гендерлік құрамы бар, KPMG Халықаралық басшылық тобының басқаруымен біз әлеуметтік мәдени және этникалық алуан түрлілікті қамтамасыз ету стратегиясын іске асыруды белсенді түрде әрі қарай жалғастырмақшымыз.

Джон Веймайердің айтуы бойынша, KPMGбіздің ең табысты қызметкерлерімізге ерекше мансап құруға арналған негіз бола алады. Халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндігі, ынтымақтастық негізінде жақындау, инновациялық оқыту және кемсітілмейтін мәдениет біздің фирмамызды көп қырлы етеді және біздің клиенттеріміз үшін бірінші нөмірлі болуға қажетті барлық дағдыларды береді.

2016 қаржы жылының басқа жетістіктері

  • KPMG желісініңмүшелері–фирмалар – GlobalFortune 500 рейтингісінеенетінәлемдікірікомпаниялардың 80% астам қызметтерін көрсетеді.
  • IBM, MicrosoftжәнеOracle сияқты серіктес альянстардың арқасында, KPMG бүкіл әлем бойынша клиенттерге технологиялық ұсыныстарын кеңейте түсті.
  • Forrester Research KPMG ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері саласындағы көшбасшы ретінде мойындады: біз The Forrester Wave™ бағалай прцесінің шеңберінде ағымдық ұсыныс және стратегия үшін ұпайлар санының ең көбін жинадық (ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес беру қызметтері, 2016ж. І -тоқсан)
  • KPMG тұрақты дамыту мен оқытуға ерекше көңіл аударады. Қазіргі кезде KPMG «Сауатты отбасы» (Family for Literacy) бағдарламасы аясында бүкіл әлем бойынша 3 млн. Жуық кітап таратты. Сондай-ақ, компания Enactus ұйымы, One Young World Дүниежүзілік жастар форумы, «Жастар жетістігі» (Junior Achievement) ұйымы арасында қолдау тапқанымен мақтанады.

Қосымша ақпарат:

Өңірлер бойынша KPMG желісінің мүшелері-фирмалардың ақшалай түсімінің жиынтығы (млрд. АҚШ долл.)

Өңірлер

Ағымдағы кезең

Өткен кезең

Жергілікті валюталық өсім (%)

АҚШ долл.өсім (%)

Солтүстік және Оңтүстік Америка

$10,02

$9,34

9,6%

7,3%

Азия –Тынық мұхит өңірі

$4,06

$3,79

9,8%

7,1%

Еуропа, ТаяуШығыс және Африка

$11,34

$11,31

6,0%

0,3%

Барлығы

$25,42

$24,44

8,0%

4,0%

 

Бөлімше

Аудиторлық қызмет департаменті
$10,12 $10,03 4,5% 0,9%
Салық қызметінің департаменті
$5,56 $5,31  8,8%  4,7%
Кеңес беру қызметінің департаменті
 $9,74 $9,10 11,5% 7,0%
Барлығы
 $25,42  $24,44 8,0% 4,0%

 

Сонымен қатар KPMGInternational – дан келесі халықаралық есептемелер жіберілді:

KPMG International-дың жылдық шолуы

KPMG International – дың жылдық шолуында біздің барлық ісіміздің адалдығы мен жоғары сапаға деген өзгермейтін бейімділік және KPMG мамандарының терең білімі мен тәжірибесін тағыда дәлелдейтін, өтіп кеткен қаржы жылындағы біздің барлық жетістіктеріміз айтылған.

KPMG қызметінің ашықтығы туралы есеп

Дәл осы есепте өзіміздің желі арқылы өзімізге жүктелген және біздің бизнес пен корпоративті мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылатын аудиттің жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша міндет аясындағы біздің әрекетіміз туралы егжей-тегжейлі суреттейміз.

ООН – ның ғаламдық келісім шарты аясында 2015 жылы жасалған жұмысы туралы есептеме

KPMG International ООН – ның ғаламдық келісім шартына 2002 ж. қол қойды. «Атқарылған жұмыс туралы есеп» келісім шарттың 10 қағидасын жүзеге асыру үшін біздің әрекетіміз бен даму саласындағы ортақ нысаналарды қолдау туралы әрекеттің сипаттамасын қамтиды.

KPMG International туралы ақпарат

KPMG бұл аудиторлық, салықтық және кеңес беру қызметтерін ұсынатын халықаралық фирмалар желісі. Әлемнің 152 мемлекетіндегі KPMG кеңселерінде 189 000 қызметші жұмыс істейді. KPMG желісінің мүшелері – тәуелсіз фирмалар Швейцарияның заңымен тіркелген KPMG International Cooperative (“KPMG International”) ассоцияциясына енеді.Әрбір фирма тәуелсіз заңды тұлға болып табылады.

Осы құжатта келтірілген қаржы ақпараты KPMG желісінің мүшелері – тәуелсіз фирмалардың әрекетінің нәтижесі туралы жинақты ақпаратты ұсынады. Ақпараттың бірлестігі тек қана таныстыру үшін өткізілді.KPMG International клиенттерге кәсіби қызмет көрсетпейді және тиісінше, осындай қызмет түріне қатысты болатындай ешқандай табыс таппайды.
Штаттың саны толық штаттық бірлікте көрсетілген және қаржы жылындағы қызметкерлердің орташа тізіміне негізделген.

© 2024. «КПМГ Аудит» ЖШС, «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС және «КПМГ Валюэйшн» ЖШС – Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тіркелген компаниялар; жауапкершілігі өз қатысушыларының кепілдіктерімен шектелген KPMG International Limited жекеше ағылшын компаниясының құрамына кіретін KPMG тәуелсіз фирмалары жаһандық ұйымының қатысушылары. Барлық құқықтары қорғалған.


KPMG жаһандық ұйымының құрылымы туралы көбірек ақпаратты https://kpmg.com/governance сілтемесін басу арқылы көруге болады.

Бізбен байланысыңыз