Эшли Кларк

Серіктес, Бас операциялық директор, Аудиторлық қызмет Департаментінің басшысы

Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG

Эшли өзінің мансабын 1995 жылы Ұлыбританияда бастаған болатын. 2004 жылы серіктесі болды, ал 2008 жылдың наурыз айында Ресей және ТМД елдерінде KPMG-де қаржы қызметінің саласында аудит жөніндегі серіктесі ретінде өзінің жұмысын бастады. 2012 жылдың қазан айында Қазақстан және Орталық Азиядағы KPMG-де Аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды. Клиенттермен жұмыс жөніндегі өзінің міндеттемелеріне қосымша Эшли сонымен қатар Ресей және ТМД елдерінде KPMG-де аудиторлық қызметін бақылауға жауап береді. 2015 жылы ол Үндістан мен Украинада аудиторлық қызметтің сапасын бақылаушы ретінде сөз алды. Эшли жыл сайын Лондонды KPMG кеңселеріндегі қаржы қызметін көрсетуге қатысады. Ол Ресей және ТМД елдеріндегі Сапа мен Аудиторлық Тәуекел Комитетінің мүшесі болып табылады, әрі 2016 жылы аудит сапасын қолдау жөніндегі жетекші серіктес болып тағайындалды. Эшли Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы Директорларының Кеңесінің мүшесі және Қазақстандағы Англия және Уэльс тұрақты бухгалтерлер Кеңесі Директорларының мүшесі болып табылады.

  • Коммерция саласындағы Бакалавр, Эдинбург Университеті (үздік диплом)

  • Англия және Уэльс тұрақты бухгалтерлері Институтының толық Мүшесі (FСА)